|
|
|
Для писем
|
| Главная » Файлы » Нормативные документы » Документы ГОО |
|
| 09.03.2017, 21:41 |
Жалпы білім беретін ұйымдардың бірінші басшыларына Шымкент қаласының білім бөлімі, Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі-ҰТО) 2017 жылғы 1 наурыздағы №15-10-5/7-408 хатына сәйкес төмендегіні хабарлайды. Ағымдағы жылы 11 (12)-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына (2016 жылғы 16 қарашадағы №660 бұйрығымен өзгеріс енгізілген) сәйкес өткізіледі. Осыған орай, қорытынды аттестаттауды жүргізу мақсатында келесі іс-шаралар жүзеге асырылады.
Web-қосымшаға сілтеме және пароль, қосымшамен жұмыс істеу нұсқаулығы ҰТО филиалдары арқылы жіберіледі. Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы Web- қосымшамен интернетке қосылу мүмкіндігі бар кез-келген жерде жұмыс істей алады; Өзбек, тәжік, ұйғыр тілінде білім алған бітірушілер информатика пәнін қазақ немесе орыс тілінде тапсырады.
Емтихан материалдары әр білім беру ұйымы бойынша қапшыққа салынады. Қапшықта Интервоид-пакет (ана тілі мен әдебиеті, алгебра және талдау бастамалары, Қазақстан тарихы пәндері бойынша емтихан сұрақтары) және қорап (сұрақ-кітапшалары, дұрыс жауаптар коды, тыңдалым және информатика пәні бойынша тест тапсырмалары жазылған CD-дискі) болады. Алгебра және талдау бастамалары пәнінен оқыту бағытына, тапсыру тіліне сәйкес 2 конверт салынады (біріншісі негізгі, екіншісі-қосалқы). Қосалқы конверт емтиханға дәлелді себептермен қатыса алмаған бітірушілер үшін емтихан күні ауыстырылған жағдайда ашылады;
Бөлім басшысы Ж.Тажиева
| |
| Категория: Документы ГОО | | | |
| Просмотров: 14 | Загрузок: 2 |
| Всего комментариев: 0 | |
|
| |