|
|
22:04 Ұлттық балалар ән байқауын ұйымдастыру мен өткізу туралы | |
| Ұлттық балалар ән байқауын ұйымдастыру мен өткізу туралы ЕРЕЖЕ Алматы қ., 2016 1. БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ Қазақстан Республикасының аумағында «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауын (бұдан әрі-Байқау) ұйымдастырушы және құқық иегері болып Ә.Н.Назарбаеваның «Жандану әлемі» жеке қоры табылады (бұдан әрі – Ұйымдастырушы).
1. Байқаудың салтанатты басталуы балалардың және болашақта 14 облыстағы және Алматы мен Астана қалаларындағы жеңімпаз атанған жас орындаушылардың тәлімгерлеріне айналатын танымал қазақстандық эстрада әртістерінің қатысуымен Қайырымдылық концерттік бағдарлама пішімінде өткізіледі (бұдан әрі-Концерттік бағдарлама). 2. Концерттік бағдарлама барысында балалар эстрада әртістерімен бірігіп, қазақ, орыс және басқа да тілдерде қазақстандық композиторлар жазған белгілі композицияларды, сонымен қатар мультипликациялық фильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден танымал әндерді орындайды. 3. Әрбір орындаудан кейін, кездейсоқ іріктеу әдісімен кезекпен елдің облыс орталықтары анықталады, сол жерге қайсы бір эстрада әртісі-кәсіби қазылар алқасының мүшесі іріктеу турын өткізіп, Байқаудың Финалында облысты танытатын «ең үздік балалар дауысын» анықтау үшін тәлімгер рөлінде барады. 4. Концерттік бағдарлама Байқаудың ресми телевизиялық арнасының (бұдан әрі-телеарна) эфирінде міндетті түрде көрсетілуі тиіс. 5. Концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін телеарнаның эфирінде, сонымен қатар республикалық және облыстық радиостанцияларда облыстық іріктеу турларының өткізілетін күні мен жерін жариялай отырып, роликтердің ротациясы басталады. 6. Концерттік бағдарламаның қорытындысы бойынша әрбір облыс орталығына жеке кәсіби қазылар алқасының құрамы белгіленеді, оның құрамына: эстрада әртістерінің қатарынан тәлімгер, музыкалық продюсер, Ұйымның өкілі кіреді. 5.2. ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ ТУРЫ 1. Облыстық іріктеу турын өткізгенге дейін 2 апта бұрын Ұйымдастырушылар облыстық әкімдіктердің, Алматы, Астана қалалары әкімдіктерінің өкілдерімен ынтымақтаса отырып, 7 жас пен 13 жас аралығындағы балаларды барынша кеңінен қамту үшін (бұдан әрі-Қатысушылар) облыс орталықтарында промо-акцияларды өткізеді. 2. Облыстық іріктеу турларына қатысуға облыс аумағында тұратын және оқитын барлық ниет білдірген Қатысушылар жіберіледі. 2. Іріктеу турына қатысу үшін барлық қатысушылар туу туралы куәліктерін ұсынады, ата-анасының немесе Қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне толық жауапты болып табылатын ата-ананы ауыстыратын тұлғалардың міндетті түрде бірге еріп жүруімен тікелей кастинг өткізілетін жерде сауалнамаларды толтырады. 3. Облыс орталықтарында іріктеу турлары 6 сатымен өтеді: ұйымдастырушылық бастама, кастинг алдындағы іріктеу, педагогтарға арналған шеберлік класы, күнделіктің телевизиялық түсірілімі, негізгі кастинг, кастингтің қорытындыларын жариялау. 3.1. Ұйымдастырушылық бастама 1. Қатысушыларды тіркеу – 09.00 – 10.00 с. 2. Байқауды ұйымдастырушылар музыкалылқ продюсерді таныстырады, кастинг алдындағы іріктеу мен негізгі кастингтің басты межелерін, пішімін жариялайды. 3. Әрбір қатысушыға белгілі бір реттік нөмір беріледі. 3.2. Кастинг алдындағы іріктеу 1. Оны Байқаудың музыкалық продюсері мен Ұйымның өкілі кәсіби жарық беретін, дыбыс беретін жабдықтарды және телевизиялық жабдықтарды қолданбай, бірақ міндетті түрде Байқаудың атрибуттатын (баннер, үстел жалаушалары) қолдана отырып өткізеді. 2. Кастинг алдындағы іріктеуге қатысу үшін барлық байқауға қатысушыларға екі «acapella» шығармасын орындауы керек: авторлық ән немесе қазақ, орыс, ағылшын және өзге тілдердегі өз таңдауына сәйкес ән; әлемдік хит немесе балалар кинофильмдерінен немесе мультфильмдерінен алынған ән. 3. Кастинг алдындағы іріктеуді жүргізетін кезде музыкалық продюсер әнді орындап болмастан қатысушыны тоқтату, Қатысушының репертуарынан өзге әнді орындауын ұсыну құқығын өзіне қалдырады. 4. Кастинг алдындағы іріктеудің әрбір қатысушысы міндетті түрде Ұлттық байқаудың іріктеу турына Қатысушының атаулы сертификатының иегеріне айналады. 5. Тыңдау қорытындысы бойынша ең үздік 30 (отыз) Қатысушы негізгі кастингке қатысуға шақырылады; 6. Кастинг алдындағы іріктеуді өткізетін кезде жаппай телевизиялқ түсірілімдерді жүргізуге, сонымен қатар Ұйымдастырушы бекіткен комиссия мүшелерінің құрамына кірмейтін бөтен адамдардың болуына тыйым салынады. 7. Кастинг алдындағы іріктеу аяқталғаннан кейін қатысушыларға үзіліс жарияланып, демалуға уақыт беріледі. 3.3. Педагогтарға арналған шеберлік класы 1. Музыкалық продюсер немесе кәсіби музыканттар, танымал мәдениет қайраткерлері (Ұйымдастырушымен келісе отырып) «Балаларды музыкалық ән байқауларына қатысуға дайындау ерекшеліктері» тақырыбына облыс педагогтарына арналған шеберлік кластарын өткізеді. 2. Әрбір шеберлік класына қатысушы Байқаудың ұйымдастырушысынан байқаудың тақырыбы көрсетіліп, қолмен және мөрмен расталған Сертификатты алады. 3.4. Күнделіктің телевизиялық түсірілімі 1. Кастинг алдындағы іріктеу аяқталғаннан кейін күнделіктің телевизиялық түсірілімі өткізіліп, оған қатысуға кастинг алдындағы іріктеудің барлық қатысушылары мен олардың ата-аналары шақырылады. 2. Телевизиялық түсірілім тәлімгердің сөз сөйлеуімен ашылады немесе ол кастинг алдындағы іріктеу қорытындысын жариялау сатысында сөз сөйлейді (іріктеу турының ерекшеліктерін ескере отырып, Ұйымдастырушымен келесі отырып). 3.5. Негізгі кастинг 1. Танымал эстрадалық орындаушылардың қатарынан шыққан тәлімгер, байқаудың музыкалық продюсері мен Ұйымдастырушының өкілі кіретін комиссия мүшелері кастинг алдындағы іріктеудің ертесіне (немесе Ұйымдаструшымен келісе отырып, қатысушылар санына байланысты сол күні) өткізіледі және міндетті түрде кәсіби жарық, дыбыстық жабдық және телевизиялық жабдық қолданылады. 2. Негізгі кастингке қатысу үшін барлық байқауға қатысушылар екі «acapella» шығармасын орындауы тиіс: авторлық ән немесе қазақ, орыс, ағылшын және өзге тілдердегі өз таңдауына сәйкес ән; әлемдік хит немесе балалар кинофильмдерінен немесе мультфильмдерінен алынған ән, бұл ретте олар кастинг алдындағы іріктеуге орындалған материалдан өзгеше болуы тиіс. 3. Кастинг өткізетін кезде комиссия мүшелері әнді орындап болмастан қатысушыны тоқтату, Қатысушының репертуарынан өзге әнді орындауын ұсыну құқығын өзіне қалдырады. 4. Тыңдау нәтижесі бойынша комиссия мүшелері ашық талқылау жолымен облыстық іріктеу турының жеңімпазын анықтайды. 3.6. Қорытындыларды жариялау 1. Негізгі кастингтің қорытындыларын жариялау үшін Қатысушылар, ата-аналар мен педагогтар шақырылады. 2. Кәсіби қазылар алқасының мүшелері балалардың орындауларына қысқаша талдау жүргізеді. 3. Комиссия мүшелері облыстық іріктеу турының жеңімпазын(-дарын) анықтайды және оған «Бала дауысы» Жазғы Музыка мектебінің жұмысына қатысуға Сертификат пен жаңа авторлық балалар әнін орындау құқығын табыстайды. 4. Іріктеу турының жеңімпазы болып дара орындаушы, дуэт, трио, квартет немесе бірнеше дара орындаушылар аталуы мүмкін, солардың құрамынан комиссия мүшелері белгілеген пішімде жаңа топ құрылады.
1. 14 облыстан және Алматы мен Астана қалаларынан іріктеу турларының жеңімпаздары ата-аналарының немесе оларды ауыстыратын тұлғалардың еруімен Алматы қаласындағы Жазғы Музыка мектебіне (бұдан әрі-ЖММ) шақырылады. 2. ЖММ шеңберінде балалар сольфеджио, хореография, актерлік шеберлік сабақтарын алады. 3. Ұйымдастырушы ЖММ-де балалармен жұмыс істеу үшін шақырылған педагогтардың құрамын белгілейді. 4. Қатысушылар 2 апта бойына Байқаудың финалына дайындық жүргізеді: арнайы жазылған балалар әнін жаттайды, бұл әнді жауапты тұлға Байқаудың музыкалық продюсеріне ЖММ жұмысы басталғанға дейін 10 күн бұрын ұсынуы тиіс, сонымен қатар қазақстандық орындаушылардың репертуарынан алынған ретро әнді тәлімгерімен бірге дуэтте дайындайды. 5. ЖММ жұмысы аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар ЖММ бітіргені туралы Диломды және Байқаудың финалына қатысуға шақыртуды алады.
1 Байқаудың финалы (телевизиялық шоу) Астана қаласында Байқаудың ұйымдастырушысы белгілеген мерзімде өтеді. 2. Финалға қатысу үшін ЖММ-де дайындықтан өткен Қатысушылар шақырылады. 3. Байқау финалының телевизиялық көрсетілімі Ұйымдастырушының шешімі бойынша тікелей телевизиялық эфирде және екі концерттік бағдарлама пішімінде жүзеге асырылады. 4. Байқаудың финалы 2 күнге созылады. 4.1. 1-байқау күні: Қатысушы Байқаудың шеңберінде Отанға деген махаббат, еліміздің тарихы, балалар достығы, балалық арман және т.б. тақырыптарды ашатын арнайы жазылған балалар әндерін орындайды. 4.1.1. Қатысушы 1-байқау күнінде орындайтын авторлық әнге, оны орындаушыға қойылатын талаптар. 1. Байқауға бұрын соңды коммерциялық тұрғыда сатылмаған, Интернет желісі арқылы таратылмаған, сонымен қатар қайсы бір тасымалдаушылар арқылы (аудиокассеталар, компакт-дискілер, мини-дискілер мен т.б.), сату жолымен немесе басқа да жолдармен радио- немесе телевизиялық эфирге берілмеген, сонымен қатар жария орындалмаған қазақ тіліндегі өлеңдерден тұратын ән қатыса алады. 2. Әннің музыкалық пішімі- ұлттық колорит элементтері бар заманауи танымал музыка. Ол ең кемінде екі шумақтан және екі қайырмадан тұруы тиіс. 3.Қатысушылар Байқауда әнді жанды дыбыс режімінде сольдік дауысты қайталамайтын музыкасы мен бэк вокалы бар фонограмманың сүйемелдеуімен орындайды. 4. Барлық шығармаларды байқауға қатысушылар CD немесе MD-тасымалдаушыларда «-1» фонограммасымен орындайды. 5. Әнді орындау екі жарым минуттан кем және үш минуттан артық созылмауы тиіс. 6. Байқауға қатысушылардың шақырылған бэк вокалшылары болған жағдайда аспаптық фонограммадағы жанама дауысты (бэк-вокалды) пайдалануға рұқсат етілмейді. 7. Байқаулық орындау кезінде сахнадағы әртістердің саны Байқауға қатысушының өзін, сүйемелдеуші топты, бэк вокал мен балетті қоса алғанда 8 адамнан аспауы тиіс. 8. Әнге барлық құқықтар бастапқы Байқауды ұйымдастырушыға тиесілі болып табылады. 4.1.2. Әрбір тәлімгер мен Қатысушы музыкалық продюсердің тікелей бақылауымен және Байқауды Ұйымдастырушымен келісе отырып, Байқауға қатысатын әннің ақырғы шырқалу нұсқасын құру жолында бірлесіп жұмыс істейді; концерттік нөмірдің қойылымы құрылады; Байқауға Ұйымдастырушымен келісе отырып, сахналық костюмдер мен өзге сахналық реквизиттер құрылады (сатып алынады) . 4.1.3. Тәлімгер мен Байқауға Қатысушы, қоюшы режиссер нөмірді қоюға, әнді орындауға және Байқауға қатысумен байланысты басқа да мәселелерге қатысты Ұйымдастырушының ұсынымдарын ескеруге міндетті. Ұйымдастырушының ұсынымдарын орындау Байқаудың финалына қатысудың міндетті талабы болып табылады. 4.1.4. Қатысушылардың орындауын кәсіби қазылар алқасы мен телекөрермендер бағалайды. 4.1.5. 1-байқау күніндегі Қатысушылардың орындау кезектілігі жеребе тарту арқылы белгіленеді 4.2. Байқаудың 2-күні: Қатысушы мен тәлімгер қазақстандық эстраданың ретро-шлягерін орындайды, оны кәсіби қазылар алқасының мүшелері бағаламайды. Концерттік бағдарлама барысында смс-дауыс беру жалғасып жатады. 4.3. Қорытынды шығару. Қазылар алқасының 1-күні қатысушыларға берген бағалау нәтижелері бойынша, сонымен қатар 2-күнгі смс-дауыс беру нәтижелері бойынша Байқаудың Гран –при иегері, дипломанттар мен лауреаттар анықталады. 4.4. Байқаудың қазылар алқасының жұмысы 1. Байқауға қатысушылардың 1-күнгі орындауларын кәсіби Қазылар алқасы бағалайды, оның құрамына танымал отандық және шетелдік орындаушылар, продюсерлер кіреді. 2. Финалдық турдың әрбір қатысушысы бастапқы 10 ұпайды иеленеді. 3. Финалда бағалар ашық дауыс беру арқылы 10 ұпайлық жүйе бойынша қойылады, бұл Халықаралық байқаулардың межелеріне толығымен сәйкес келеді. 4. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен бекітіліп, ресімделеді. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды. 5. Дауыс беру қорытындысын шығару үшін санақ комиссиясы құрылады. Санақ комиссиясының кемінде 3 адамнан тұратын құрамын Байқауды ұйымдастырушылар бекітеді. Санақ комиссиясын төраға басқарады. 4.4.1. Санақ комиссиясы 1. Кәсіби қазылар алқасының бюллетеньдерін жинауды жүзеге асырады. 2. Кәсіби қазылар алқасының дауыс беру нәтижелері бойынша және смс-дауыс беру нәтижелері бойынша әрбір Конкурстың финалына қатысушы жинаған ұпай санын есептейді. 3. Дауыс беру қорытындысын шығарып, дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы құрастырады. 4. Санақ комиссиясының Төрағасы санақ комиссиясының жұмысын ұйымдастырып, берілген дауыстарды есептеу және ұпайларды анықтау қорытындысын тексереді. 5. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаға санақ комиссиясының барлық мүшелері қолдарын қойып, оны ұйымдастырушының өкіліне ұсынады. 4.5. Марапаттау. 1. Гран-при иегеріне Диплом, бағалы сыйлық, орындаған авторлық әнге бейнеклип түсіру құқығы, сонымен қатар профильдік оқу орнында оқуға Грант беріледі. 2. Байқаудың финалына қатысатын екі немесе одан да көп қатысушы теңдей ұпай санын жинайтын болса, Байқаудың жеңімпазы кәсіби қазылар алқасының қосымша ашық дауыс беруі арқылы анықталады. Дауыстар тең түскен жағдайда кәсіби қазылар алқасы төрағасының даусы шешуші болып табылады. 3. Байқаудың қорытындысы бойынша әрбір қатысушы міндетті тәртіппен мынадай жүлделердің (номинациялардың) бірінің иегеріне айналады: - 1- орын – жеңімпаздың дипломы және МАСМ-нен бағалы сыйлық; - 2-орын – жеңімпаздың дипломы және ТПҚ-нан бағалы сыйлық; - 3-орын – жеңімпаздың дипломы және ҚР БҒМ-нен бағалы сыйлық; - Номинациялар: «Көрермендердің даусы», «Мен – бұл менің Отаным!», «Балалық шақтың жарқын әлемі», «Мейірім шуағы», «Жылу шуағы», «Пәк махаббат әуені», «Балалық арман әлемі», «Балалық қиял әлемі», «Алғашқы сезім айлағы», «Мен – өз ата-бабамның мұрагерімін», сонымен қатар меценаттар мен демеушілерден арнайы жүлделер.
6. 1. Шығармашылық команда. Сырттан тартылатын мамандардың тікелей-эфирлік телевизиялық көрсетілімдердің қыр сырын білетін ірі концерт залдарында республикалық және халықаралық ауқымдағы мәдени-көпшілік шараларды өткізуде мол тәжірибесі болуы тиіс: - Қоюшы режиссер; - Қоюшы оператор; - Телевизиялық продюсер; - Атқарушы продюсер; - Жарық бойынша суретші; - Дыбыс режиссері; - Музыкалық продюсер; - Округтық/Ұлттық/Республикалық іс-шаралар мен/немесе байқауларды өткізуде тәжірибесі бар кемінде 2 адамнан тұратын кәсіби жүргізушілер; - Желілік продюсер; - Техникалық директор; - Бейне-операторлар кемінде 8 маман; - Кәсіби стилистер, визажисттер және хайер-стилистер, сонымен қатар әкімшілер, декораторлар мен реквизиторлар. 6.2. Байқаудың финалы өткізілетін жерге қойылатын талаптар. 1. Іріктеу сатысының финалы Астана немесе Алматы қалаларында өтуі тиіс. 2. Концерттік залдың ауданы кемінде 2000 шаршы метр болуы тиіс және жабдықталған грим бөлмелері мен қосалқы бөлмелері бар кемінде 1000 отыру орнымен жасақталуы тиіс. Сахнаның жұмыс алаңының ені кемінде 18 метр және тереңдігі 15 метр болуы тиіс; 3. Концерттік залдың техникалық жабдықталуы Ұйымдастырушының қоятын минималды талаптарына сәйкес келуі тиіс және заманауи кәсіби жарық, дыбыс және телевизиялық жабдықпен жасақталуы тиіс және Байқаудың телевизиялық түсірілімін жүзеге асыру мен құруға мүмкіндік беруі тиіс. 7. ҚОСЫМША АҚПАРАТ 1. Финалдық Байқаудың ұйымдастыру комитеті Қатысушыға және оған ілесіп жүретін бір адамға: - жолын (баратын және қай татын); - ішкі көлікті; - тұруын; - үш мезгіл тамақты төлейді және ұсынады. 2. Қажет болған жағдайда Ұйымдастырушы хаттарды, шақыртуларды және т.б. ұсынуға көмек көрсетеді. 3. Байқаудың шеңберіндегі барлық шаралар, барлық байқаудан тыс шаралар Ұйымдастырушы белгілеген тәртіпке қатаң сәйкес түрде өткізіледі.
2. Ұйымдастырушының қабылданған кез келген әкімшілік, ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдері Байқауға (жобаға) қатысатын немесе араласатын барлық тұлғалар үшін жалпылай міндетті болып табылады және дауланбайды. 3. Ұйымдастырушы қабылданған әкімшілік, ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдерді Байқауға (жобаға) қатысатын немесе араласатын тұлғаларға Ұйымдастырушының қарауына орай төмендегі әдістердің бірімен жеткізеді: - жария мәлімдеу; - жеке жолдамалар жіберу, оның ішінде SMS, Whatsapp арқылы; - баспа басылымдарында немесе «www.zhandanu.com» интернет-ресурсында жариялау - жалпыға қол жетімді жерде орналастыру (хабарлама билборд). 4. Ұйымдастырушы біржақты тәртіппен, дербес және өз қарауына орай байқау басталғанға дейін және өткізілу барысында байқауға, байқаудың сатыларына, конкурстың тәртіптемесіне, осы Ережеге кез келген өзгеріс енгізуге құқылы болады. 5. Ұйымдастырушы байқауды өткізуге қажетті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушіні таңдауда дербестік пен еркіндікке ие болады. 6. Облыстық іріктеу сатыларын ұйымдастыруға және өткізуге жауапты тұлғалар Ұйымдастырушымен жазбаша түрде (немесе электронды пошта арқылы) алдын ала және міндетті түрде кез келген аймақтық іріктеу сатысын өткізу құрылымына, тәртіптемесіне, мазмұны мен өткізу тәртібіне ықпал ететін қабылданатын шешімдер мен бастамаларды мақұлдауға міндетті. 9. ТЫЙЫМДАР ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК 1. Байқау комиссиялары мен санақ комиссияларының объективті шешім қабылдауын қамтамасыз ету мақсатында - тәлімгерге, байқаудың музыкалық продюсеріне, Ұйымның өкіліне және комиссияның құрамына кіретін өзге тұлғаларға байқау аяқталғанша оның кез келген сатысында байқауға қатысушылардан немесе оларға қатысы бар тұлғалардан қайсы бір сыйлықтар мен сыйақылар алуға үзілді-кесілді тыйым салынады. 2. Осы Ереженің тармақтарын бұзғаны әшкереленген комиссияның құрамына кіретін тұлғалар Ұйымдастырушының шешімі бойынша жобаға әрі қарай қатысудан шеттетіледі және осы бұзушылыққа жол берген тұлғаға қайсы бір өтем, өтемақы немесе сыйақы төленбейді. 3. Байқауға қатысатын барлық тұлғалардың тарапынан, сонымен қатар осы ереженің 1-тармағының 6-тарауында көрсетілген тұлғалардың, байқауға қатысушылардың (сонымен қатар олардың туыстарының немесе олармен байланысты тұлғалардың), Ұйымдастырушының өкілдері, космиссия мүшелерінің тарапынан этикалық және моральдық тұрғыда жол берілетін іс-әрекетті қамтамасыз ету мақсатында байқауды өткізу барысында төмендегі іс-әрекеттерге үзілді-кесілді тыйым салынады: - адамгершілікке жат қылық таныту; - дөрекі лексиканы қолдану; - алкогольдік сусындарды немесе есірткілік құралдарды қолдану; - қоғамдық тәртіпті бұзу; -дау-жанжал шығару, оның ішінде ұлтына, дініне және саяси көзқарастарына байланысты; - кез келген түрдегі кемсітушілікке жол беру; - байқауға қатысатын өзге тұлғаларға дөрекі күш қолдану, қоқан-лоқы көрсету немесе сыйламаушылық әрекеттер жасау. 4. Осы Ереженің тармақтарын бұзған тұлғалар Ұйымдастырушының шешімі бойынша жобаға (байқауға) әрі қарай қатысудан толығымен шеттетіледі және бұзушылыққа жол берген тұлғаға қайсы бір өтем, өтемақы немесе сыйақы төленбейді.
2. Осы Ереже байқауға қатысатын барлық тұлғалардың танысуы үшін www.zhandanu.kz. Интернет порталында еркін қол жетімді құжат болып табылады. 3. Осы Ереже «бала дауысы» ҰБӘБ ұйымдастыру, өткізу және оған қатысу тәртібін реттейді. 4. Осы Ереже Қазақтан Республикасының заңнамасына бағынышты және байқауға қатысатын барлық тұлғалардың орындауына міндетті болып табылады. «Жандану әлемі» қорының Басқарма Төрағасы | |
| Категория: Новости Казахстана | Просмотров: 289 | | | |