|
|
|
Для писем
|
|
НАШИ ГОСТИ
с 26 июня 2015 года |
11:27 Бастауыш сынып оқушыларының қалалық олимпиадасының | |
Бастауыш сынып оқушыларының қалалық олимпиадасын өткізу туралы Шымкент қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 шілдедегі №60 қаулысымен бекітілген «Шымкент қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ережесінің 22 тармақшасына және қалалық білім бөлімі ғылыми-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1.Жалпы білім беретін пәндер бойынша 2-4 сынып оқушыларының қалалық олимпиадасы 2016 жылдың наурыз айының 29-30 жұлдызы аралығында Г.Титов атындағы №20 мектеп-гимназия базасында өткізілсін. 2.Бұйрықтың 1,2,3 қосымшаларына сәйкес байқаудың ережесі,ұйымдастыру комитеті,қазылар алқасының құрамы бекітілсін. 3.Олимиадаға қатысатын оқушылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін сақтау жалпы білім беретін мектептердің бірінші басшыларына жүктелсін. 4.Олимпиаданы үйлестіру жұмыстары Г.Титов атындағы №20 мектеп-гимназия директоры А.В.Ерошкинге жүктелсін 5.Бұйрықтың орындалуына бақылау жасау білім бөлімі басшысының орынбасары Ғ.Нысановқа жүктелсін. Бөлім басшысы Ы.Мадиев Білім бөлімінің 04.03.2016 жылғы №135 бұйрығына 1 қосымша Бастауыш сынып оқушыларының қалалық олимпиадасының Е Р Е Ж Е С І 1.Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері Олимпиада жалпы білім беретін мектеп оқушыларының негізгі пәндер бойынша білімін тереңдету және кеңейту,логикалық ойлау деңгейін қалыптастыру,ғылымға терең қызығушылығын арттыру оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының формаларын активтендіру, факультатив және үйірме жұмыстарын қорытындылау,теориялық білімді іс жүзінде қолдану,жалпы білім беретін мектеп курсынан алған білімдерін тексеру мақсатында өткізіледі. 2.Қалалық олимпиадасының өткізілу тәртібі. 2.1 Қалалық олимпиада 2 кезеңде өтеді: Қалалық І- тур тест сұрақтары, ІІ-тур диктант,бақылау жұмысы Бірінші кезең-мектепішілік (15-наурызға дейін) Екінші кезең-қалалық (29-30.03) сағат 9-00 №20 мектеп-гимназия базасында өтеді. Бірінші кезең-мектеп олимпиадасы 15-наурызға дейін өткізіледі. Олимпиадаға 2-4 сынып оқушыларының қалауы бойынша қатысады. 2.2 Мектепішілік олимпиада қорытындысымен оқушылар іріктеліп алынады. 2.3. Екінші кезең-іріктеу олимпиадасы қалалық ұйымдастыру комитетінің құрастырылған тапсырмасымен өткізіледі.Оған 1 орынға ие болған 2-4 сынып оқушылары қатысады. Қай тілде оқығанына байланысты емес. Математика пәнінен 1 оқушы, қазақ тілі қазақ сыныптарында 1 оқушы,орыс тілі орыс сыныптарында 1 оқушы,өзбек тілі 1 оқушы қатысады. 2.4.Қалалық олимпиадаға сұранысты және әр оқушыға 2 дәптерден наурыз айының 21 жұлдызына дейін 309 кабинеттегі бастауыш әдіскері Б.Халиеваға тапсырылуы тиіс. 3.Олимпиаданы ұйымдастыру. 3.1 Олимпиаданы өткізуге базасы жеткілікті үздік пән кабинет таңдалады. 3.2 Әрбір сынып оқушылары бір аудиторияда,әр партада бір ғана оқушы отыруы тиіс. 3.3 Олимпиада сағат 09:00-де №20 мектеп-гимназия базасында өткізіледі. 3.4. Оқушылардың іріктеу олимпиадасын ұйымдастыру жауапкершілігі қалалық білім бөлімі ғылыми-әдістемелік орталығына жүктеледі. | |
| Категория: Новости Шымкента | Просмотров: 479 | | | |