|
|
20:28 Білім мекемелерінің бірінші басшыларына! | |
Білім мекемелерінің бірінші басшыларына! Қалалық білім бөлімі ҚР-ның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссияның №18-3/17 хатына сәйкес 2016 жылғы Халықаралық ұйымының 38 ші сессиясында ЮНЕСКО-ның естелік күнтізбелік ерекше белгіленген тізімінде мемлекеттік және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығы, Қожа Ахмет Яссауидың 850 жылдығын атап өту жоспарланған. Сонымен қатар, 2016 жылы ҚР қоғам қайраткері, Қазақстанның халық ақыны және жазушысы, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменовтың 80 жылдық мерейтойын атап өту жоспарланған. Осыған байланысты барлық білім беру ұйымдарында жоғарыда аталған мерейтойларды атап өту үшін іс-шаралар жоспарын бекітіп, айлық, апталық (дөңгелек үстөл, конференция, шығарма байқаулары, ашық сабақтар, тәрбие сағаттары т.б.) өткізу туралы және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындалу барысында осындай халықаралық маңызы бар мәселеге барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында басты назар аудара отырып, келесі ұсыныстардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырады, Ұсынымдардың орындалуы жыл бойы тұрақты жүргізіліп атқарылған іс-шаралар туралы ай сайын (әр айдың 15-нен кешіктірмей) қалалық білім бөліміне №309 кабинетке (нақты атқарылған іс-шаралар, қатысқан адам саны,БАҚ жарияланған мақалалар, т.б.) беру қажеттігін қатаң ескертеді, уақытынан кешіктірмей орындалуын міндеттейді. Барлық білім мекемелерінде сызу пәнінен «ABTO CAD» сызбаларының компьютерде орындалуы туралы мәліметті қоса тапсыруларыңыз тиіс. | |
| Категория: Новости Шымкента | Просмотров: 212 | | | |